ЖаңалықтарОқиға
Астанада автобус жарық бағанасын қағып кетті: жүргізуші жауапқа тартылды
Жүргізуші автобусты басқара алмай қалған.
Астанада автобус жүргізушісі көше жарығының бағанын қағып кеткен. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Жол-көлік оқиғасы 20 тамызда Көктал ауданындағы Ардагерлер көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, Yutong автобусы бағананы бірнеше метрге дейін сүйреп кеткен.
Жүргізуші басқару тізгінін игере алмаған
Полицияның мәліметінше, жүргізуші Ардагерлер көшесімен келе жатып, көлікті басқара алмай, көше жарығының бағанасына соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады полиция.
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Оқиға бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.