Астанада 1000-нан астам бос жұмыс орны ұсынылады
Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға 50 жұмыс беруші қатысып, 1000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Жәрмеңке жұмыс іздеп жүрген жастарға бірнеше компанияның ұсынысын бір жерден салыстырып, жұмыс берушілермен тікелей сөйлесуге мүмкіндік береді.
Қатысушылар бос лауазымдармен танысып қана қоймай, еңбек жағдайы, жалақы мен жұмысқа қабылдау талаптары жөнінде қажетті ақпаратты тікелей компания өкілдерінен біле алады.
Бұдан бөлек, жәрмеңке барысында жұмыс берушілермен сұхбаттасып, өзіне сәйкес бос орын табылған жағдайда жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 27 тамыз күні сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін «Жастар» сарайында өтеді. (Мекенжайы: Астана қаласы, Республика көшесі, 34).
Іс-шараға жұмыс іздеп жүрген және еңбек нарығындағы ұсыныстармен танысқысы келетін жастар қатыса алады.