БілімЖаңалықтар
Астанада 1-ші сыныпқа құжат қабылдау басталды

Өтінішті мектепке барып та, онлайн форматта да тапсыруға болады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
27 мамырдан бастап Астанадағы барлық білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Құжаттар офлайн және онлайн форматта қабылданады. Әкімдік мәліметінше, электронды жүйе қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар платформада туындаған кейбір техникалық ақауларды мамандар қатар түзетіп жатыр.
Өтініш беру үшін ата-анадан немесе заңды өкілден өтініш, №065/у үлгісіндегі медициналық анықтама, баланың №052-2/у денсаулық паспорты және көлемі 3×4 см болатын екі фото қажет.
1-сыныпқа құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.