ЖаңалықтарҚоғам

Астана тұрғындарына арналған LRT карталары: қалай рәсімдеуге және қайдан алуға болады?

Карта дайын болған кезде өтініш берушіге SMS-хабарлама жіберіледі.

28 сәуірден бастап Астана тұрғындары LRT атаулы көлік картасына онлайн өтінім бере алады, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы CTS-ке сілтеме жасап.

Бұл қызметті 7-ден 18 жасқа дейінгі оқушылар және елордада тіркелген әрі тұрақты тұратын жеңілдік санатындағы азаматтар пайдалана алады.

«Өтінімдер тек онлайн форматта https://transcard.kz ресми сайты арқылы қабылданады. Рәсімдеу үшін қажетті деректерді толтырып, құжаттарды цифрлық форматта тіркеу және картаны алуға ыңғайлы орынды (жақын маңдағы әкімдік) таңдау қажет», – деп жазылған хабарламада.

Карта дайын болған кезде өтініш берушіге SMS-хабарлама жіберіледі. Дайындау құны – 1 200 теңге.

Компанияның мәліметінше, атаулы LRT картасы тек жеңіл рельсті көлікте жүруге жарамды және қалалық әрі қала маңындағы бағыттарға қолданылмайды. Басқа жолаушыларға арналған көлік карталары мен бір реттік билеттер LRT ресми іске қосылғаннан кейін станцияларда қолжетімді болады. Төлемнің басқа тәсілдері туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Back to top button