$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Астана орталығында теракт болады деген жасөспірім Украинада ұсталды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Украина киберполициясы жасөспірімді 26 тамыз күні Сума қаласында қолға түсірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тәркіленген заттар зерттеліп жатыр

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, тінту кезінде күдіктіден ноутбук, банк картасы, ұялы телефондар, планшет және жүйелік блок тәркіленді. Электронды құрылғылардан хабарлама жіберілген аккаунт, оның мәтіні де табылған.

Тәркіленген техникалар қазір зерттеліп жатыр. Полиция күдіктінің ықтимал сыбайластарын анықтап, оның осы секілді басқа да оқиғаға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Министрлік ескертті

Қазақстан ІІМ Украинаның құқық қорғау органдарымен тізе қосып, іс бойынша әрі қарай процессуалдық шешім қабылдау мәселесін қарастырып жатыр.

Министрлік терроризм жасау, нысанды жару, адамды кепілге алу немесе қауіпсіздікке төнетін өзге де қатер туралы жалған хабарлама таратқандар үшін заң аясында жауап беретіндегі ескертті.

Back to top button