TOP-2Жаңалықтар

Әскерге шақыру: заңгер білімі бар жастар Ұлттық ұланға басымдықпен алынады

Қазақстанда Ұлттық ұланға шақыруды ұйымдастыру қағидалары өзгеруі мүмкін, деп жазады ҚазТАГ.

НҚА жобасына сәйкес, Мемлекеттік күзет қызметін, ҰҚК Шекара қызметін және Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясын жасақтау үшін шақырылушыларды басым тәртіппен іріктеу және бөлу тәртібін айқындау жоспары бар. Шақырылушылар аудандық (қалалық) шақыру комиссиялары арқылы денсаулық жағдайын, антропометриялық деректерін, білім деңгейін, мамандығы мен кәсібін ескере отырып бөлінеді.

“Жоба заңгерлік білімі бар шақырылушыларды Ұлттық ұланға, оның ішінде ең жоғары физикалық даярлығы бар кандидаттар іріктелетін жедел мақсаттағы бөлімшелерге жіберуді көздейді. Ұлттық гвардия өкілдері алдын ала іріктеген шақырылушылар тек осы әскер түрінің әскери бөлімдеріне жіберіледі және әскердің өзге түрлері мен тектеріне қайта бөлінуге жатпайды», – делінген «Қазақстан Республикасы азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу жобасының сипаттамасында.

Жобаның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде халықпен дұрыс әрі заңды өзара іс-қимыл жасай алатын, құқықтық тұрғыдан сауатты гвардияшы-шақырылушылармен Ұлттық гвардияның әскери бөлімдерін сапалы жасақтап, шағымдар санын азайту және азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыру болып отыр.

Back to top button