Қоғам
Әскерден жалтарған жастардың түрмеге қамалатыны рас па – министр жауабы
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов жастар әскерден қашса іс қозғалатынын жеткізді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Журналистер одан әскерге бармаған жастар түрмеге жабылуы мүмкін деп таралған ақпаратты алға тартып, рас-өтірігін сұраған болатын.
Әскерден қашқандар болса, деректерді ішкі істер органдарына жібереміз. Сосын олар іс қозғайды. Осы үшін алдымен әкімшілік, әрі қарай қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Айыппұл сала ма, бас бостандығынан айыра ма – оны сот шешеді, – деді Қосанов.