Жаңалықтар

Әсет Матаев Алматыдағы бұзақылық ісі бойынша жәбірленуші танылды

Журналист Әсет Матаев Алматыдағы бұзақылық ісі бойынша үш айдан кейін жәбірленуші танылды. Бұл жөнінде адвокат Юлия Колпаковаға сүйенген ҚазТАГ жазды.

Адвокаттың жазуынша, 27 маусымда Алматының Медеу аудандық полиция басқармасы бұзақылық ісі бойынша қылмыстық істе Әсет Матаевты жәбірленуші ретінде таныған.

“Сол соққының салдарынан мен қорғап отырған азаматтың басына доңғалақ тірекпен бірнеше соққы тиген, оған бас сүйегінің сол жақ маңдай сүйегінің сынуы диагнозы қойылды. Денсаулыққа келтірілген залал орташа дәрежеде ауыр деп танылды. Соған қарамастан мен қорғап отырған азамат Алматыда уақытша ұстау изоляторына, кейін тергеу изоляторына қамалды. 107-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды (Денсаулыққа қасақана орташа дәрежеде зақым келтіру)” деді адвокат.

Наурыздың соңында полиция Алматыдағы төбелестен соң “Бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалып, төбелеске қатысушылар оның ішінде, Матаев та ұсталғанын хабарлаған еді. Адвокаттары сол кезде оның басы жарылғанын айтып, денсаулығы нашар болғанына қарамастан оны қамауда ұстап отырғанын хабарлаған. Кейін Матаевтың босатылғаны белгілі болды.

“2025 жылдың шілдесінен 2026 жылдың наурызына дейін Әсет Матаевты Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартты деп санаймыз. Бұзақылық ісі бойынша оны үш айдан астам уақыттан кейін – мемлекеттік органдарға шағым түсіргеннен кейін жәбірленуші таныды” деді адвокат Колпакова.

Back to top button