TOP-1Жаңалықтар

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін ведомствоны басқарған Нұрлан Сауранбаевтың орнына келді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әсел Жанасова туралы не белгілі

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Кембридж университетін «Компьютерлік ғылымдар» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2014 жылы Кембридж университеті мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Executive Management бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алған.

Әр жылдары Лондонда ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істеген. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық банкінде және «Астана» халықаралық қаржы орталығында түрлі қызметтер атқарған.

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі мен «Қазпошта» акционерлік қоғамын басқарған.

Бұдан бөлек, Сауда және интеграция вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі және Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button