Арқалықта ит-мысықтарды өлтіруге қарсы митингке рұқсат берілді
Қала әкімдігі белсенділердің жануарларды қорғау мақсатында акция өткізейік деген өтінішін мақұлдаған, деп хабарлайды Tizgin.kz BES.media-ға сілтеме жасап.
АКЦИЯ ҚАШАН ӨТЕДІ
Арқалық қалалысының ішкі саясат бөлімі митинг өткізуге ресми рұқсат берді. Өтінім 10 сәуірде тапсырылып, оң жауап келген. Бұл туралы ақпарат жануарларды қорғауға арналған парақшада жарияланды.
Акция сенбі күні, 18 сәуірде өтеді және бір сағатқа созылады – сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін. Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылының қиылысындағы алаң жиналатын орын ретінде белгіленген.
Мемлекеттік органдар ұйымдастырушыларға «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
МӘН-ЖАЙЫ
Арқалықтағы митинг жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасы төңірегіндегі қызу пікірталас аясында өтпек. Қазір Сенат Мәжіліс бірінші оқылымда қабылдаған түзетулерді қарастырып жатыр. Бұл өзгерістер ел бойынша жануарларды қорғаушыла арасында айтарлықтай наразылық туғызды.
Ұсынылған түзетулерге сәйкес, қаңғырған жануарларды ұстағаннан кейін бес күннен өткен соң ұйықтату, ал иесі бар болуы мүмкін деген жануарларды 60 күннен кейін ұйықтату қарастырылған.