TOP-2Жаңалықтар

Армения премьер-министрі Пашинян отставкаға кетті

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян 9-шақырылымдағы ұлттық жиналыстың алғашқы отырысы өткен күні қызметінен кетті. Бұл – ел Конституциясында көзделген рәсім, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Пашинян не себепті отставкаға кетті

Армения Конституциясына сәйкес, жаңа сайланған парламенттің алғашқы сессиясы басталған күні премьер-министр бастаған үкімет автоматты түрде отставкаға кетеді.

Алайда бұл үкіметтің жұмысын толық тоқтататынын білдірмейді. Министрлер кабинеті жаңа үкімет жасақталғанға дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастырады.

Жаңа премьер-министр қалай тағайындалады

Жаңа парламенттің өкілеттігі күшіне енгеннен кейін Армения президенті билік басындағы фракцияның ұсынуымен премьер-министрді тағайындайды.

Айта кетейік, Никол Пашинян 30 шілдеде қазіргі құрамдағы үкіметтің соңғы отырысы өткенін мәлімдеген болатын.

Парламент сайлауында кім жеңіске жетті

7 маусымда өткен парламент сайлауында Никол Пашинян жетекшілік ететін «Азаматтық келісім» партиясы жеңіске жетті. Нәтижесінде партия жаңа үкіметті өз бетінше жасақтау құқығына ие болды.

Back to top button