$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
Жаңалықтар

Арман Шораев бостандыққа шықты

Журналист әрі қоғам қайраткері Арман Шораев 20 тәулікке әкімшілік қамаудан босатылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бостандыққа шыққанын Арман Шораев әлеуметтік желіде жазба жариялау арқылы көрсетті. Оның жазбасына пікір білдірген азаматтар бостандыққа шығуымен құттықтап жатыр.

Бұған дейін Ақмола облысы полиция департаменті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында былапыт сөздер жазылған жарияланымды анықтағанын, осы дерекке байланысты әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жолданғанын хабарлаған еді. Полиция таратқан ресми хабарламада жарияланымның нақты қай әлеуметтік желіде жарияланғаны және оның мазмұны туралы толық мәлімет берілмеген.

Сот қаулысымен сол кезде Арман Шораев 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Back to top button