Жаңалықтар
Ақтөбеде әйел өзін бір ай аңдыған бұрынғы күйеуінің үстінен іс қозғатты
Ақтөбе қаласының тұрғыны өзін бір ай бойы аңдыған бұрынғы күйеуіне арыз түсірді, деп хабарлайды Tizgin.kz “Диапазонға” сілтеме жасап.
ҚАНДАЙ ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ
29 жастағы тұрғын полицияға “бұрынғы күйеуім бір ай бойы аңдыды” деп арыз түсірді.
Аталған басылым мәліметінше, учаскелік инспекторлар ер адамды полицияға жеткізіп, “сталкинг” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге 50 тәулікке дейін қамау немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған.
МӘН-ЖАЙЫ
Мәлім болғандай, “Сталкинг туралы” заң күшіне енгеннен бері Ақтөбе облысында осындай алты оқиға тіркелген. Оның біреуіне қатысты материал сотқа жолданды.