ЖаңалықтарОқиға

Ақтаудағы жол апаты: 20 жастағы мотоциклші қаза тапты

Ақтауда жеңіл автокөлік пен мотоциклдің соқтығысуы салдарынан жас жігіт қаза тапты.

24 маусым күні Ақтауда 3 және 1-шағынаудандар арасындағы жолда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жол апаты 3 және 1-шағынаудандар арасындағы жолда болған. Қатты соққыдан кейін мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Өңірлік полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Белгілі болғандай, қаза тапқан мотоцикл жүргізушісі небәрі 20 жаста болған.

Back to top button