ЖаңалықтарОқиға
Ақтау қаласында жүріп келе жатқан газ баллоны бар көлік өртеніп кетті
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Ақтауда 15 маусым күні күндіз автокөлік өртенді. Өрт шамамен сағат 16:47-де 30-шы шағын ауданда, «Олжа» сауда орталығының алдында болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жол үстінде қозғалыс кезінде Chevrolet Aveo (2014 жылғы) маркалы автокөлік толықтай өртеніп кеткен.
Көлік ішінде көлемі 60 литрлік газ баллоны болған, бұл төтенше жағдайдың асқыну қаупін арттырған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында ірі зардаптардың алдын алуға мүмкіндік жасалды.
Оқиға орнына ТЖД күштері жіберілген: 8 қызметкер мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.
Өрттің шығу себептері анықталуда.