Жаңалықтар

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Мәскеу Бакуге өтемақы төлеуге уәде берді

Әзербайжан мен Ресей 2024 жылдың қысында Маңғыстау облысында құлаған Әзербайжан әуе жолдары ұшағына қатысты мәселе бойынша келісімге келгенін мәлімдеді.

«2025 жылы 9 қазанда Душанбеде Ресей Федерациясы мен Әзербайжан президенттері арасында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, тараптар 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңында Ресей Федерациясының әуе кеңістігінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің абайсыз әрекеті салдарынан AZAL әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының апатына байланысты салдарды, оның ішінде өтемақы төлеу мәселесін тиісті түрде реттеу туралы келісімге келді», – деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрлігі.

Ресей тарапы апат салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстарына тағы да терең көңіл айтты. Сонымен қатар, елдер арасындағы қатынастарды өзара құрмет негізінде дамыту мәселесі де сөз болды.

2025 жылдың желтоқсанында Ресейде AZAL ұшағының апатына қатысты қылмыстық іс тоқтатылғаны белгілі болды.

Әзербайжан әуе жолдары ұшағы апатының тергеуі қашан аяқталатыны жөнінде жуырда Бозымбаев та пікір білдірген еді.

Back to top button