Ақпараттық хабарлама: Құрылтай сайлауы-2026

«Tizgin» ЖШС-нің Tizgin.kz сайтында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаң ұсынудың жалпы шарттары
«Tizgin» ЖШС – Tizgin.kz сайтының (бұдан әрі – cайт) меншік иесі. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес cайт Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу мақсатында cайтта сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін интернет-алаң ұсынудың ақысы, шарттары және тәртібі туралы хабарлайды.
Сайлауалды үгіт кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, дауыс беру күніне дейінгі күнгі сағат 00:00-де аяқталады. Осыған байланысты үгіт материалдарын Сайтта орналастыру 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:00-ден басталып, 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00:00-де аяқталады.
Сайт интернет-алаңды жазбаша өтініш және Сайттың меншік иесі мен саяси партияның сенім білдірілген тұлғасы арасында жасалатын шарт негізінде ұсынады.
Үгіт материалдарының саны мен орналастыру мерзімі саяси партияның сенім білдірілген тұлғасының жазбаша өтінішінде көрсетіледі және кейіннен шартта бекітіледі.
Өтініштерді тіркеу журналына әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен келіп түскен күні беріліп, кезектілік тәртібімен тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
- партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- саяси партияның сенім білдірілген тұлғасының өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (оның ішінде уәкілетті орган берген тиісті куәландыру құжаты);
- сенім білдірілген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
- шарт жасасуға арналған сенім білдірілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Үгіт материалдарын cайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретіне қарай белгіленеді. Егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе, кезектілік жеребе арқылы айқындалады. Орналастырылған материалдар cайттың desktop-нұсқасында, мобильді нұсқасында және мобильді қосымшасында қолжетімді болады.
Үгіт материалдары Сcйтқа орналастыру күніне дейін кемінде 1 (бір) күнтізбелік күн бұрын HTML5, GIF, JPEG, PNG және Microsoft Word форматтарында ұсынылуы тиіс.
Үгіт материалдарында оларды қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпаратты ұсынған сенім білдірілген тұлғаның тегі көрсетілуі міндетті.
Үгіт материалдарын ұсынған саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Сайттың меншік иесі үгіт материалдарын орналастырудан, егер оларда конституциялық құрылымды күшпен өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттау, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдарды құру идеялары қамтылса, сондай-ақ басқа депутаттыққа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болса, бас тартуға құқылы. Саяси партияның сенім білдірілген тұлғасы cайттың меншік иесінің талабы бойынша материалдарда қамтылған жоғарыда аталған сипаттағы ақпараттың дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ҚҰНЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕР ҚҰНЫ
