Ақмолада оқушылардың жеке деректері тарап кеткен
Ақмола облыстық прокуратурасы Степногорск қаласында 165 оқушының жеке деректері тарағаны жөнінде ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Кейбір білім беру ұйымы сайттары мен білім бөлімінің ресми ресурстарында балалар туралы ақпараттар қамтылған құжаттар жарияланған.
Олардың ішінде оқушылардың есімі, тегі, оқу орны мен әлеуметтік мәртебесіне қатысты деректер болған. Бұдан бөлек, желіде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан және қорғаншылықтағы кәмелетке толмаған балалар туралы мәлімет тараған.
“Деректер қолжетімді болып, әрі қарай таралу қаупін туындады. Қадағалау актісіне сәйкес заңбұзушылықтар жойылды. Кәмелетке толмағандардың жеке деректері ашық қолжетімділіктен алынып, ал кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.