Тергеу
Ақмола облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Қайғылы жағдай бүгін «Жолымбет – Пригородное» облыстық маңызы бар автожолының 5-шақырымында болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Ақмола облыстық полиция департаменті мәліметінше, көлік аударылған.
«19 сәуір күні «Жолымбет – Пригородное» облыстық маңызы бар тасжолының 5-шақырымында «Шевроле Кобальт» көлігінің аударылып, жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлаймыз. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі мен екі жолаушы көз жұмды», – делінген ақпаратта.
ТЕРГЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жолаушылардың бірі түрлі жарақатпен медициналық мекемеде ем алып жатыр.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.