TOP-2Тергеу

Ақмола облысында жасөспірімді сыныптасы пышақтап кетті

18 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді

Макинскіде болған қылмыстың ізімен пышақталған жасөпірімдің бұрынғы сыныптасы күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кешке стадионда, жастар волейбол ойнап жүрген кезде болған. Кенеттен бетперде киген жас жігіт пайда болып, ешкім күтпеген сәтте пышақ шығарып, ойыншылардың біріне шабуыл жасаған.

Оқиғаның мән-жайын Әсел Тұрар баян етті. Зардап шеккен жас жігіт ауруханаға жеткізілді. Ақмола облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

Back to top button