ЖаңалықтарТергеу

Анасын пышақтады деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы Вьетнамнан елге жеткізілді

Анасымен сөзге келмей, пышақпен бірнеше рет соққы жасады деген күдікті Вьетнамнан Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бас прокуратура не дейді

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ҰОБ-сы қызметкерлері күдіктіні Вьетнамнан экстрадициялау үшін бірлесе әрекет еткен.

«Ол өткен жылдың қараша айында өз үйінде алкогольдік масаң күйде болып, жанжалдан кейін анасына пышақпен бірнеше рет соққы жасады деген күдікке ілінді», – деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Күдікті қай жерде ұсталды

Күдікті заңда белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында қылмыстық қудалау органынан жасырынып жүрген. Осыған байланысты оған халықаралық іздеуге жарияланды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды», – делінген ақпаратта.

Қандай жаза күтіп тұр

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Back to top button