Яна Легкодимованы өлтіргендер «Қара бүркіт» түрмесіне жіберілді
Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов бұған дейін бірнеше ай тергеу изоляторында отырған болатын, деп хабарлайды Tizgin.kz
БІР САҒАТ ҚАЛҒАНДА ХАБАРЛАНДЫ
Ресми мәліметті Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті растады. Ақ жайық басылымы бұған сотталғанғандарды вагонмен түрмеге жіберу үшін Ұлттық ұланнан арнайы күзет бөлінеді деп күтілген.
Дереккөзге сүйенсек, олар сәуірдің 19-ы күні вагонмен түрмеге жіберілді. Рәсімге сәйкес, бұл туралы бір сағат бұрын ғана хабарланады.
МӘН-ЖАЙЫ
Айта кетейік, Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимовқа қатысты сот үкімі 2025 жылдың 17 қарашасында шықты. Сот оларды жәбірленушіні аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Ақпан айында айыптылардың аппеляциялық шағымы қаралды. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырған еді.
Үкімге сәйкес, олар жазасын ерекше режимдегі «Қара бүркіт» мекемесінде өтеуі тиіс.