Аман қалған сарбаз жағаға өзі шығып, жарты сағат досын іздеген – Каспийдегі трагедия

Маңғыстаудағы сарбаздар өлімі жайлы тың деректер жариялана бастады. Аман қалған сарбаздың бірі — Ақжол Темірәлиевтің әкесі ұлының жағаға әрең жүзіп шыққанын, соған қарамастан суға барып жарты сағат досы Азаматты іздегенін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Сарбаздың әкесімен блогер Азамат Сәрсенбаев әңгімелескен. Әкесі енді тергеу кезінде ұлына “былай айт” деп қысым жасала ма деп қауіптеніп отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Каспийдегі трагедия
24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапқаны белгілі болған еді. Кейін құрбан болғандар саны одан да көбейді. Осы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Аталған оқиға бойынша тергеу екі баппен жүргізіліп жатыр.
Бас прокуратура іс бойынша күдікті лауазымды адамдар анықталғанын хабарлады. 25 күні таңертең соңғы екі әскери қызметкердің денесі табылды.