TOP-2Жаңалықтар

Алматының бірнеше ауданында жарық сөніп қалды

14 тамызда күндіз Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшті. Қала әкімдігі бұған KEGOC компаниясының үш желісіндегі апат себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Үш электр желісі апатты жағдайда ажыратылды

Әкімдіктің мәліметінше, сағат 14:38-де KEGOC-тың үш электр желісі апатты жағдайда істен шыққан. Осыдан кейін апатқа қарсы автоматты жүйе іске қосылып, Алматы қаласы мен облысындағы тұтынушылардың бір бөлігі электр желісінен ажыратылды.

Ресми ақпарат бойынша, Алматыда жарық Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарында сөнген. Ажыратылған электр қуатының жалпы көлемі 300 МВт-қа жетті.

Қазір «Алатау Жарық Компаниясының» мамандары электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіріп жатыр.

Тұрғындар ыстық судың да тоқтағанын айтты

Алматылықтар электр жарығы ресми мәлімдемеде аталған аудандардан бөлек, Алмалы және Түрксіб аудандарында да жоқ екенін айтып жатыр.

Сонымен қатар қаланың кейбір тұрғындары жарықпен бірге ыстық судың да тоқтағанына шағымданды. Әкімдік электрмен жабдықтау жүйесінің қашан толық қалпына келетінін әзірге нақтылаған жоқ.

Back to top button