Жаңалықтар

Алматыда тәртіп сақшысы әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Алматы облысына қарасты Балқаш ауданында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болғаны туралы ақпарат желіде тарады. БАҚ-та жарияланған ақпаратқа сенсек, 38 жастағы әйел полицей болып істейтін жұбайы мінген көлік астына түскен, деп хабарлайды  Tizgin.kz

МӘН-ЖАЙЫ

Ақпарат әлеуметтік желілерде де пайда болды.

БАҚ-та 16 мамырда Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қапшағай – Бақанас тасжолында жұбайын қағып өлтірген. Медиа мәліметтеріне қарағанда, оқиға қызметтік көлікпен болған.Алматы облысы Полиция департаменті әйелдің қаза болғанын растады. Қылмыстық іс қозғалды.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМЕТІ

Полиция департаменті ақпаратынша, қылмыс жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Қазіргі уақытта болған жайттың барлық мән-жайын объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицияның баспасөз қызметі қызметкердің қатысы бар-жоғы туралы ақпаратты растамады да, жоққа да шығармады.

Back to top button