TOP-2Жаңалықтар

Алматыда адамдарға тап берген Тәжікстан жасөспірімдері Қазақстаннан шығарылды

Алматыда қоғамдық орындарда адамдарға тап берген Тәжікстан жасөспірімдері Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Алматы полициясы сот олардың елден мәжбүрлі түрде шығарып, Қазақстанға кіруіне тыйым салу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

Жас қыздардың көшеде кісілерге тап берген видеосы бірнеше күн бұрын тараған еді. Полицияның тексеру жүргізуіне әлеуметтік желілерде таралған бейнематериалдар негіз болған. Онда бір топ жасөспірімдердің азаматтарға қатысты агрессивті әрі әдепсіз әрекеттері бейнеленген.

Алматыда олар полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Жасөспірімдер Тәжікстан азаматтары болып шықты. Барлық кәмелетке толмағандар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Back to top button