ЖаңалықтарОқиға
Алматыда 12 жастағы жасөспірімді қатарласы пышақтап өлтірді
Күдікті ретінде ұсталған 13 жастағы жасөспірім қазір арнайы мекемеге орналастырылған.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 10 маусым күні қаланың Түрксіб ауданында болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Адам өлтірді деген күдікпен марқұммен бұрыннан таныс болған 13 жастағы жасөспірім ұсталды. Алдын ала деректер бойынша, кәмелетке толмағандар арасында жанжал туындаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша баланы тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін ата-анасының жауапкершілігі де қаралады.
Қаза болған баланың туыстары оған тоғыз жерден пышақ сұғылғанын мәлімдеді. Олар күдіктінің жасына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып кетуі мүмкін екеніне алаңдаушылық білдіріп отыр.