Оқиға

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен басып кеткен деген күдікке ілінді

Алматы облысында полиция қызметкері әйелін көлікпен қағып, оның өліміне себеп болды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті 37 жастағы ер адам. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қайғылы оқиғаның нақты қалай болғаны әзірге жарияланған жоқ. Алайда полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Оқиға салдарынан әйел алған жарақаттарынан көз жұмды. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Полиция департаменті тергеу барысы басшылықтың бақылауында екенін мәлімдеді.

 

Back to top button