$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтарЭкономика

Алаяқтар жұртты алдау үшін қалайша 1414-тен SMS жіберіп жатыр — министр не дейді

Tizgin.kz порталы бұл сұрақты Қазақстанның цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке қойды.

Қазақстанда кейінгі кезде алаяқтар азаматтардың ақшасын жымқыру үшін қоңырау шалып, 1414-тен СМС жолдауын өтінетін болған. Өкінішке қарай, осы алдауға түсіп қалған отандастарымыз миллиондап қарызға кіріп жатыр

1414 арқылы азаматтар қалайша СМС жібере алатынын Tizgin.kz тілшісі цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке қойған. Мәдиев халықтың “цифрлық сауаттылығын арттырып жатырмыз” дейді.

”Ең бастысы, цифрлық гигиенаны сақтау керек. Банк қызметкері болсын, егов қызметкері болсын ешқашан телефон арқылы СМС-кодты айтуды сұрамайды. Киберқауіпсіздік жағынан бізде қазір курстар бар. Кибергигиенаны үйрену керек”, – деді Мәдиев Ақорда кулуарында.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button