Қоғам

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады (ВИДЕО)

Танымал продюсер Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады. Сондай-ақ “Қыз Жібек” фильмінде актриса киген камзолды қайтарып берді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Продюсер Меруерт Өтекешованы арнайы қонақ етіп, актрисаға бриллиант сырғасын тағып, қымбат тон кигізді. Артынша үй сыйлайтынын айтқанда актриса көзіне жас алды.

«Сіз ұлы әйелсіз. Мен сіздің фанатыңызбын. Қазақ еліне сіңірген еңбегіңіз үшін сізді барлық сый-құрметке бөлегім келеді. Өзіңіз таңдаған үйді алып беремін», – деген Алагөзова актрисаға құрметі ерекше екенін айтты.

Сонымен қатар қамзолдың тағдырын Меруерт Өтекешова енді өзі шешетін болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button