Әл-Фарабидағы апат: үш кісінің өліміне күдіктінің бет-жүзін БАҚ-қа жариялауға тыйым салынды
Алматы соты әл-Фараби даңғылында болған, үш адамның өліміне апарып соққан жол апатына қатысты іс бойынша айыпталушы Александр Пактың фото және видео материалдарын жариялауға тыйым салынды. Мұндай шектеу түсірілім жүргізбеуді сұраған жәбірленуші тарапқа да қатысты енгізілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Соған қарамастан сот процесі ашық форматта өтеді. Журналистерге аудио және мәтіндік трансляция жүргізуге рұқсат берілген. Сонымен қатар сот Александр Пакқа отырыстарға онлайн қатысуға мүмкіндік берді. Алайда жауап алу кезеңінде ол сот залына жеке келуі тиіс.
Қорғаушы тарапқа қосымша дайындық уақыты беріліп, негізгі сот отырысы 2026 жылы 1 маусымға белгіленді.
Марқұмның отбасы атынан қатысып жатқан адвокат Мейрман Шекеев қазіргі уақытта жәбірленуші тараптың татуласудан бас тартқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, тарап 100 миллион теңге көлемінде азаматтық талап қоюы мүмкін.
«Адам өмірінің құны жоқ. Бірақ кейде мемлекет қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлғаны үшін де миллиондаған айыппұл салады», – деді адвокат.
Алдын ала тыңдау барысында Александр Пак алқабилер сотынан бас тартқан. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол 21 наурызға қараған түні мас күйінде көлік жүргізіп, Аль-Фараби даңғылында қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан Mercedes көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты кезінде үш адам қаза тапты. Сараптама қорытындысы бойынша, соқтығыс сәтіне дейін Zeekr көлігінің жылдамдығы сағатына 219 шақырымға дейін жетуі мүмкін болған.