Жаңалықтар

Әйгілі Энрике Иглесиас Қазақстанға келеді

Қазақстанда әлемге танымал әнші Энрике Иглесиастың концерті өтеді. Концерттің нақты өтетін күні қосымша хабарланады. 

Халықаралық деңгейде мойындалып, миллиондаған жанкүйердің ықыласына бөленген орындаушы жылдар бойы хитке айналған үздік әндерінен құралған концерттік бағдарламасын ұсынады. Репертуарда лирикалық композициялармен қатар, латын және поп-музыка жанрындағы қарқынды тректер де шырқалады.

Энрике Иглесиас – испандық танымал әнші, композитор әрі продюсер, «Грэмми» сыйлығының иегері және латынамерикалық музыка тарихындағы ең табысты әртістердің бірі. Шығармашылық жолында ол 180 миллионнан астам альбом данасын сатып, ондаған әлемдік хиттерді жарыққа шығарды. Олардың қатарында Bailamos, Hero және Escape әндері бар.

Back to top button