Айдар Садырбаев ШҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Президент әкімшілігінің келісімі және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың өкімімен Садырбаев Айдар Серікқазыұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Айдар Садырбаевтың өмірбаяны
Айдар Садырбаев 1986 жылы бұрынғы Семей облысы Жаңасемей ауданының Новопокровка ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Тарих» мамандығы бойынша тамамдап, еңбек жолын 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылының орта мектебінде мұғалімдік қызметтен бастаған.
Әр жылдары Бородулиха ауданы мен Семей қаласының ішкі саясат бөлімдерінде нұсқаушы, жетекші және бас маман, басшының орынбасары, басшы, Семей қаласы әкімінің орынбасары, «AMANAT» партиясының облыстық филиал төрағасы, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында ішкі саясат басқармаларының басшысы қызметтерін атқарды.