Спорт
Азия ойындары: Айбек Оралбай финалға шықты
Жапониядағы жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Кіммен жұдырықтасты
+90 келі салмақта шаршы алаңға беттеген боксшымыздың жеңісі жайлы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі жазды.
Айбек Оралбайға 1/2 финалда Үндістан мықтысы Нарендер қарсы тұрған болатын. Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ жекпе-жекті бақылауына алып, төрешілердің бірауыз 5:0 есебімен жеңді.
Айбек – әлем чемпионы
Айта кетейік, 26 жастағы Айбек өткен жылғы әлем чемпионы және 3 дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы атанған.
Бұған дейін 90 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Нұрбек Оралбай өзбек боксшысына ширек финалда ұтылған болатын.