Агенттік Түркістандағы микроқаржы ұйымының лицензиясын тоқтатты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Түркістандағы «Отырарауылнесие» кредиттік серіктестігі» микроқаржы ұйымының лицензиясынын үш ай мерзімге тоқтатты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға пруденциялық нормативтерді жəне (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі жəне одан көп рет) бұзу негіз болған.
“«Микроқаржылық қызмет туралы» заң талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының жаңа микрокредит беру шарттарын жасасуына тыйым салуға алып келеді, оның ішінде қолданыстағы микрокредит беру шарттарының мерзімін ұзартуға және микроқаржы ұйымының, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтін өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы бұрын жасалған микрокредит беру туралы шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауға міндетті”, – делінген агенттік мәліметінде.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар кредиттік серіктестік клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, кредиттік серіктестік алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.