Жаңалықтар

ADCB ислам банкі басшылығының тапқан табысы 460 млн теңгеден асты

«ADCB» Ислам Банкі» АҚ Басқарма мүшелерінің былтыр алған сыйақы көлемі 460 810 877 теңгені құрады, деп хабарлайды Tizgin.kz. 

Төрағасы кім

Аталған банктің Басқарма Төрағасы Гордон Джеймс Хаскинс персоналды басқару, операциялық департамент, сондай-ақ қауіпсіздік салаларына жетекшілік етеді.

Төраға орынбасарлары-Басқарма мүшелері лауазымында үш маман қызмет атқарады:

  • Айдын Таиров – қаржы мен қазынашылық мәселелеріне жауапты;
  • Гүлшат Асқатова – тәуекелдерді басқару бағытын қарайды;
  • Елтай Мухамеджанов – корпоративтік және бөлшек сауда блогын басқарады.

Банк туралы

«ADCB Ислам Банкі» АҚ (бұрынғы Al Hilal Ислам Банкі) – Қазақстан мен ТМД елдеріндегі алғашқы ислам банкі. Оның жалғыз акционері және негізгі иесі – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі қаржы институттарының бірі Abu Dhabi Commercial Bank (ADCB). БӘӘ үкіметіне тиесілі Mubadala Investment Company егеменді қоры соңғы бақылаушы тарап.

Back to top button