TOP-2ЖаңалықтарСпорт

ӘЧ-2026: Финал билеттері рекордтық бағаға сатылып жатыр

Бұған дейінгі рекорд 2024 жылғы Super Bowl финалында тіркелген болатын.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалдық матчының билеттері АҚШ-та өткен спорттық іс-шаралар тарихындағы ең қымбат билеттердің бірі болуы мүмкін, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Испания мен Аргентина құрамалары арасындағы финалдық кездесу 19 шілде, жексенбі күні Нью-Джерси штатындағы MetLife стадионында өтеді.

TickPick онлайн-платформасының мәліметінше, финал матчы билетінің орташа бағасы 11 327 АҚШ долларын құрап отыр. Бұл АҚШ-тағы спорттық жарыстар тарихындағы билет сатып алудың орташа құны бойынша жаңа рекорд саналады.

Бұған дейінгі рекорд 2024 жылғы Super Bowl финалында тіркелген болатын. Ол кезде San Francisco 49ers пен Kansas City Chiefs командалары арасындағы матчқа билеттің орташа бағасы 9 411 доллар болған.

Әлем чемпионаты финалына ең арзан билет 7 451 доллардан басталады.

TickPick платформасындағы ең қымбат сатып алудың бірі – 115A секторындағы 21-қатарға арналған екі билет. Әр билет 28 479 АҚШ долларына сатылған.

USA Today басылымының жазуынша, егер Англия құрамасы 1966 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының финалына шыққанда немесе АҚШ құрамасы өз жерінде алғаш рет финалда ойнағанда, билет бағасы бұдан да жоғары болуы мүмкін еді.

Back to top button