$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтар

Абзал Нүкенов Президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келді.

1995 – 2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алды. Саяси ғылымдар кандидаты (2004 ж.)

2000 – 2005 жылдар – «Отан» партиясы Орталық аппаратының идеологиялық бөлімшесі секторының меңгерушісі, кеңесші.

2005 – 2006 жылдар – Алматы қ. Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы.

2006 жылғы қыркүйекте Алматы қ. Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2009-2011 жылдар – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры.

2011-2016 жылдар – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Аумақтық орталығының сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары, меңгеруші.

Одан кейінгі қызметтерде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button