Жаңалықтар

«85 мыңға өмір сүру қиын»: Ертаев ең төменгі жалақы жайлы айтты (ВИДЕО)

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне жақында тағайындалған Асқарбек Ертаев елдегі ең төменгі жалақының мөлшері жөнінде пікірін айтты.

Министрдің сөзінше, бұл мәселені бір емес, бірнеше министрлік талқылап жатыр.

«85 мың теңге – ең төменгі көрсеткіш. Ол ақшамен бір айдың ішінде өмір сүру қиын. Сол себепті бізде 85 мың теңге алатын азаматтар бар. Олар: көше сыпырушы, еден жуушылар, күзетшілер. Олар сағат сайын жұмыс істейтін, сол үшін ақша алатын азаматтар. Оларда толық 8 сағат жұмыс деген жоқ қой. Олар күніне 2-3 немесе 4 сағат жұмыс істеуі мүмкін. Сол себепті жұмыс беруші оларға 85 мың теңге төлейді», – деді Ертаев.

Ертаевтың сөзінше, 85 мың теңге мөлшеріндегі ең төменгі жалақыны қайта қарау уақыты жеткен. Ол медиандық жалақы мен өндірістік көрсеткіштер бойынша тиісті есептер ұсынылғанын айтып, алдағы уақытта бұл мәселе бойынша шешім қабылданатынын айтты.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button