$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
ЖаңалықтарҚоғам

70 мың оң рульді көлік такси ретінде тіркеле алмайды – Сәденов

Ішкі істер министрлігі такси агрегаторларына 70 мың оң рульді көліктің тізімін жіберді. Енді бұл көліктер такси ретінде тіркеле алмайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Агрегаторларға көліктердің тізімі берілді

Министрдің айтуынша, 2025 жылдан бастап такси агрегаторларына бақылау күшейтіліп, олармен цифрлық ақпарат алмасу жолға қойылған. Соның аясында оң рульді көліктерді такси ретінде тіркеуді шектеу шаралары қабылданып жатыр.

Мысалы, оларға 70 мың оң рульді көліктердің тізімі жіберілді. Олар енді такси ретінде тіркеле алмайды. Сондай-ақ, жүргізуші куәліктерін автоматты түрде тексеру енгізілуде, – деді Ержан Сәденов.

Оның сөзінше, автоматты тексеру жүргізуші куәлігі жоқ адамдардың такси қызметінде жұмыс істеуіне жол бермеуге тиіс.

Медициналық және техникалық тексеруге бақылау қажет

Сәденов такси қызметіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүргізушілер мен көліктердің рейске дайындығын бақылау мәселесін де көтерді.

Министр Көлік министрлігі мен такси агрегаторларына жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден, ал көліктердің техникалық тексеруден өтуін қадағалайтын нақты тетік әзірлеу қажет екенін айтты.

Осылайша, ІІМ агрегаторлармен ақпарат алмасумен қатар, жолаушы тасымалына шығатын жүргізушілердің құжаттары мен рейс алдындағы тексерулеріне бақылауды күшейтуді көздеп отыр.

Back to top button