TOP-2Экономика

6,4 трлн теңге: Қазақстан бюджетіне жоспардан көп қаражат түсті

Қазақстан үкіметі 2026 жылы I тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірістері 104,4%-ға орындалғанын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Үкіметтің мәліметінше, жоспарланған 6,2 трлн теңгенің орнына 6,4 трлн теңге түскен. Жоспар 268,7 млрд теңгеге асыра орындалған. 2025 жылмен салыстырғанда өсім 930,6 млрд теңгені (+16,9%) құрап отыр.

“Республикалық және жергілікті бюджеттер жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындады”, – делінген хабарламада.

Өсімге Қазақстанның экспорттық тауарлары бағасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемінің артуы, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру себеп болған.

Back to top button