Білім

5 қазан ұстаздардың кәсіби мерекесі ретінде нақты бекітілді

Қазақстанда 5 қазан ресми түрде ұстаздардың кәсіби мерекесі болып бекітілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Президент өз сөзінде кейінгі жылдары мұғалім мәртебесін көтеру және педагогтерді әлеуметтік әрі құқықтық тұрғыдан қорғау бағытында қабылданған шараларға тоқталды.

Тоқаевтың айтуынша, осы мақсатта «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. Биыл құжатқа қосымша өзгерістер енгізіліп, мұғалімдерге жаңа құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер берілген.

««Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. Биыл бұл заңға толықтыру енгізіліп, ұстаздарға қосымша құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер берілді. 5 қазан күні ұстаздардың кәсіби мерекесі ретінде нақты бекітілді», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президенттің сөзінше, мемлекеттік марапаттар тізіміне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы енгізілген. Бұл атаққа ие болған педагогтерге қомақты ақшалай сыйақы беріледі.

«Бұл мәртебелі наградамен марапатталған тұлғаларға қомақты сыйақы беріліп жатыр. Қазірдің өзінде 100-ге жуық мұғалім марапатталды», – деді Президент.

Back to top button