Жаңалықтар

+45 градус ыстық: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 9-11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

СИНОПТИКТЕР НЕ ДЕЙДІ

Синоптиктер батыс және солтүстік-батыс өңірлерде атмосфералық фронттар әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжап отыр. Кей аумаққа бұршақ түсіп, жел екпіні күшейеді деп күтіледі.

9 шілде күні шығыс өңірлерде де жаңбыр жауатын көрінеді. Кей жерлерде жаңбыр молынан жауады деп күтіледі.

Бұдан бөлек, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай ойнайды болжанған. Қалған аймақта ыстық ауа райы сақталады.

ҮШ КҮННІҢ БОЛЖАМЫ

Алдағы күндері күн айтарлықтай ысығалы тұр:

  • Батыс пен оңтүстік-шығыста – +33…+42°C;
  • Шығыста – +30…+38°C.
  • Солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта – +32…+40°C;
  • Оңтүстікте – +38…+45°C;
Back to top button