Жаңалықтар
+41 градус ыстық: 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” ақпаратынша, бүгін республика аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Елдің солтүстік-батысында, шығысында, орталығында да нөсер жауын күтіледі. Біршама аймақта жел күшейіп, солтүстік-батыста, шығыста дауыл болады деп болжанды
Түнде және таңертең солтүстік өңірде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында тұман түсуі мүмкін.
Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде аптап болып, ауа температурасы 35-37 градусты көрсетеді деп жазылды.
Түркістан, Қызылорда облыстарында термометр +40 градустан асып, аптап ыстық сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде +40 градус асатын қатты ыстық болады.