Жаңалықтар
-3°С-қа дейін үсік, жаңбыр, қатты жел: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қазан айының басы қандай болады
«Қазгидромет» ақпаратынша, 29-30 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде атмосфералық қысым жоғары болып, жауын-шашынсыз, негізінен ашық ауа райы күтіледі.
Дегенмен 1 қазанда атмосфералық фронттар әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болмақ.
Жаңбыр, найзағай күтіліп, жел күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі болжанады. Елдің солтүстік жартысында -1-3°C аяз сақталады, – делінген ақпаратта.
Солтүстікте күн жылы
Күндіз ауа температурасы елдің солтүстік аймақтарында +15…+23°C болатын көрінеді.
Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +20…+25°C-тан +15…+23°C-қа дейін төмендейді. Таулы аудандарда +10…+15°C-тан +8…+13°C-қа дейін төмендеуі күтіледі.