$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41
Жаңалықтар

Шымкент әуежайы топ-менеджерлерінің айлығы қанша

Қаржы есептілігі депозитариіндегі хабарламаға сәйкес, «Шымкент әуежайы» акционерлік қоғамы өткен жылы екі топ-менеджеріне 6,2 млн теңге сыйақы төлеген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сыйақыны кімдер алды

Құжатқа көз жүгіртсек, мұндай соманы басқарма төрағасының орынбасарлары Ерлан Тұрысбеков пен Михаил Лавриненко иеленді.

Лавриненко басқарма құрамында орынбасар болып өткен жылдың қыркүйегінде тағайындалған. Ал Тұрысбеков 2024 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Акциялар кімге тиесілі

Дегенмен бұл құжатта басқарма төрағасының алған сыйақы мөлшері жазылмаған. Шымкент әуежайы ресми есебіне сәйкес, акциялардың 100%-ы Шымкент қаласының қаржы басқармасына тиесілі.

2024 жылдың қаңтарында SCAT компаниясымен келісім жасалып, әуежайдың мемлекеттік 100% акциясы 10 жылға сенімгерлік басқаруға берілген.

Back to top button