TOP-2
Қазақстанда сұйытылған газдың шекті бағасы өзгере ме
Энергетика министрлігі келер жылы сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын қазіргі деңгейде сақтауды ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бұйрық талқылауға шығарылды
Тиісті бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға жарияланды. Құжатқа сәйкес, 2027 жылдың 1 қаңтарынан сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге арналған шекті бағаны қайта бекіту көзделді.
Бұйрық жобасы қарашаның 27-не дейін қоғамдық талқылауда болады.
Сұйытылған газ бағасы қанша
Қазір сұйытылған газдың ҚҚС-сыз шекті көтерме бағасы тоннасына 59 722 теңгені құрайды. Бұл тариф 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Министрлік жаңа жылдан бастап бағаны көтеруді де, төмендетуді де ұсынбай отыр.
Жаңа баға тауар биржаларынан бөлек, ішкі нарыққа жеткізу жоспары аясында сатылатын сұйытылған мұнай газына қатысты.