Мұнай бағасы апта бойы құлдырап жатыр
13 қараша таңертеңгі сауда қорытындысында, Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері барреліне 95,65 доллар болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Екінші апта қатарынан арзандау байқалады
Ресми ақпаратқа сәйкес, бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,17 долларға төмен. Oilprice.com дерегінше, америкалық WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 88,35 доллар деңгейінде сатылды. Оның бағасы 0,39 долларға арзандаған.
Бұдан мұнайдың екі негізгі түрінің екінші апта қатарынан арзандағаны байқалады.
Ал ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы барреліне 72,18 долларды көрсетті. Бұл 0,02 долларға, болмаса 0,03%-ға жоғарылағанын көрсетеді.
Тұрақсыздыққа не себеп
Сарапшылар мұнай нарығындағы ахуал Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына төнген қауіпке байланысты әлі де тұрақсыз болып тұрғанын айтады.
Айта кетейік, 11 қараша күні Йеменнің «Ансар Аллах» қозғалысы (хуситтер) Сауд Арабиясындағы Эр-Рияд халықаралық әуежайы мен Янбу қаласы аумағындағы мұнай инфрақұрылымына соққы жасағанын мәлімдеді. Бағаны құлдырауына бұл да әсер етті дейді сарапшылар.