ЖаңалықтарОқиға

37 шақырым – 1,5 сағат: Солтүстік Қазақстанда жүкті әйел көз жұмды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 34 жастағы жүкті әйел көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүкті әйелдің қан кетуі басталып, оған шұғыл медициналық көмек қажет болған. Оқиға орнына асыққан жедел жәрдем көлігі ойдым-ойдым жолмен өте баяу жүруге мәжбүр болған. Бар болғаны 37 шақырымдық жолды жүріп өтуге шамамен бір жарым сағат кеткен. Жолдың өте нашар күйіне байланысты медицина қызметкерлері науқасқа қажетті көмекті дер кезінде көрсете алмай, қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аудандағы жолдардың жағдайы сын көтермейді. Осыған байланысты азаматтық белсенді Серік Байбеков мәселені көтеріп, құзырлы органдардың назарын жол сапасына аударды.

Back to top button