TOP-2Жаңалықтар
26.06.26: Бұл күні елімізде 4 мыңнан астам жұп отбасын құрады
26 маусымда некеге тұруға өтініш қабылдау 11 маусым, бейсенбі күні аяқталды.
Қазақстанда 4 мыңнан астам жұп некеге 2026 жылғы 26 маусымда тұрғысы келеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, биыл ең сұранысқа ие «әдемі күндерінің» бірі – 26.06.2026 күніне некені мемлекеттік тіркеуге өтініш қабылдау аяқталды.
«Дәстүр бойынша ерекше цифрлар үйлесімі бар күндер болашақ жұптар арасында жоғары сұранысқа ие болады. 26.06.2026 әдемі күніне некені тіркеу үшін 4 мыңнан астам өтініш түсті», – деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, ең белсенді өңірлер еліміздің үш ірі мегаполисі болды: Алматы қаласынан – 830 өтініш, Астана қаласынан – 740 өтініш Шымкент қаласынан – 141 өтініш түскен.